Джо Байден президенттік сайлауда мерзімінен бұрын дауыс берді

АҚШ президенті Джо Байден президенттік сайлауда мерзімінен бұрын дауыс берді. Ақ үй басшысы өз таңдауын Делавэр штатындағы Нью-Касл қаласындағы учаскеде жасады. Аталған аймақта мерзімінен бұрын дауыс беру 26 қазан күні басталған болатын.

NBC News таратқан ақпарға сәйкес бүгінге дейін бүкіл Америка бойынша 43 миллионнан аса азамат мерзімінен бұрын дауыс берген.

Айта кетейік, Америкада негізгі сайлау күні қарашаның 5-інде өтеді. Президенттікке басты үміткер – қазіргі вице-президент Камала Харрис пен кәсіпкер Дональд Трамп.