Түркия әскері Күрдістан жұмысшылар партиясының 213 мүшесін жойды
Түркия әскері Күрдістан жұмысшы партиясының 213 мүшесінің көзін жойды, деп хабарлайды 24kz.
Ирактың солтүстігінде және Сирияда 470 нысанға Түркия тарапынан соққылар жасалды. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған мәлімдеді. Түркия басшысы: «бұл – 23 қазандағы Анкара аэроғарыш корпорациясының кәсіпорнындағы шабуылдың қарымтасы», - деп айтты. Аталған шабуыл кезінде бес адам қаза тауып, тағы 22 адам жарақат алған еді. Түрік барлау агенттіктері содырлардың Күрдістан жұмысшы партиясының мүшелері екенін және Түркияға Сириядан кіргенін анықтаған.