Испанияда тасқыннан 51 адам мерт болды
Испанияның шығысындағы алапат су тасқынынан 51 адам опат болды, деп хабарлайды 24kz.
Қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін. Қазір апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Ол үшін ондаған маман мен техника жұмылдырылған.
Айта кетейік, жуырда елдің Валенсия өңірінде тоқтаусыз жаңбыр соңы тасқынға ұласты. Ондаған үйді су басып, жолдар шайылды. Көлік қозғалысы тұралады. Қазір билік өкілдері тұрғындарды сапарға аттанудан бас тартуға шақырып жатыр.