Грузия президенті прокуратураға шақыртылды
Грузияда парламенттік сайлаудан кейінгі толқулар әлі басылар емес, деп хабарлайды 24kz.
Орталық сайлау комиссиясының сұратуымен прокуратура тергеу амалдарын бастап, ел президенті Саломе Зурабишвилиден жауап алу үшін оған арнайы шақырту жіберді. Зурабишвили ертең прокуратурада болуы тиіс. Бұған дейін гүржі елінің басшысы мен оппозиция өкілдері сайлау нәтижесі бұрмаланды деген мәлімдеме жасап, оны мойындамайтындарын айтқан болатын. Өз кезегінде Грузия премьер-министр Ираклий Кобахидзе парламенттік сайлау әділ әрі демократияға сай өткенін алға тартып отыр.
Ираклий Кобахидзе, Грузия премьер-министрі:
- Прокуратура тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Біреудің дәлелі болса, мемлекеттік мекемелер мен тергеушілерге ұсынсын. Бірақ көріп отырғандарыңыздай, олар ешбір дәлел келтірген жоқ. Прокуратураға барғанда ұсынбаса, демек сайлауға қатысты жалған мәлімдеме жасаған.