Израиль «Хезболла» ұйымы командирінің орынбасарының көзін жойды
Израиль әскері «Хезболла» қозғалысының элиталық бөлімшелер командирінің орынбасары Мұстафа Ахмад Шахадидің көзін жойды.
Бұл туралы Израильдің қорғаныс армиясы өкілдері хабарлады.Телеграм-арнада жарияланған ақпарат бойынша Шахади Ливанның ән-Набатия қаласына жасалған шабуыл кезінде мерт болған. Еврей елінің барлау қызметі келтірген дерекке сай, ол Израильге қарсы көптеген шабуыл ұйымдастырған. 2012-2017 жылдар аралығында Сириядағы элиталық бөлімшенің операцияларына жауапты болған. Таяуда ғана Израиль Қорғаныс министрі Йоав Галант Х әлеуметтік желісі арқылы "Хезболланың" жаңа жетекшісі Найм Касемге сес көрсетіп, оның ливандық қозғалыс көсемі ретіндегі қызметі уақытша ғана деген еді.