Солтүстік Корея Жапония жаққа баллистикалық зымыран атты
Бұл – КХДР ең ұзақ ұшырған зымыран. Сынақты Жапония, АҚШ және Оңтүстік Корея елдері қатаң айыптады. Ресми Токионың мәліметі бойынша зымыран мұхитқа құлаған және одан ешқандай зиян келген жоқ. Күншығыс елінің премьер-министрі Сигэру Исиба ұлттық қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын шақыратынын мәлімдеді.
Ёсимаса Хаяси, Жапония премьер-министрі:
- Баллистикалық зымыран жапон уақыты бойынша таңғы 7-ден 11 минут кеткенде ұшырылды. Ол 86 минут ұшқан. Бұл – тарихтағы ең ұзақ уақыт. Биіктігі 7 мың шақырымнан асты.