Al Jazeera: Газада бір күнде 95 адам қаза тапты
Газа секторында Израиль шабуылынан 1 күнде 95 адам ажал құшты.
Бұл туралы Al Jazeera телеарнасы хабарлаған. Марқұмдардың көбі Израиль әскері ХАМАС ұйымына қарсы жаяу әскер операциясын өткізіп жатқан солтүстік аймақтың тұрғындары. Сондай-ақ жартылай әрең жұмыс істеп тұрған Камаль Адва ауруханасы бомбаланды. Соққы кезінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бірнеше күн бұрын ғана жеткізген қажетті медициналық құрал-жабдық та талқандалған.