Испанияда тасқыннан қаза тапқандар саны 200-ден асты

Испанияда болған алапат тасқыннан қаза тапқандар саны 200-ден асты. Құрбандар саны әлі де артуы мүмкін. Аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оған сарбаздар, өрт сөндірушілер мен полицейлер жұмылдырылған.

Бұдан бөлек, апат аймағына арнайы үйретілген иттер мен дрондар жіберілді. Осы уақытқа дейін үй шатырында немесе көлік ішінде қалып қойған азаматтардың бәрі құтқарылып, қауіпсіз жерге жеткізілген.

Айта кетейік, түнеугүні Испанияның шығысында тоқтаусыз жаңбыр соңы алапат тасқынға ұласты. Соның салдарынан жүздеген ғимаратты су басты. Жолдарды су шайып, аймақпен қатынас үзілді. Ел билігі алапат апатқа байланысты үш күндік аза тұту жариялады.