Грекияда шеру кезінде 12 полицей зардап шекті

Грекия астанасы Афинада маусыммен жұмыс істейтін жүздеген өрт сөндіруші наразылық білдіріп, көшеге шықты. Бәрінің талабы бір – тұрақты жұмысқа орналасу. Осыған байланысты шерушілер парламент ғимараты алдына жиналып, елдегі жұмыссыздыққа қатысты өз шағымдарын айтты. Алайда көп ұзамай шеру соңы тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты. Соның салдарынан 12 полиция қызметкері мен екі өрт сөндіруші зардап шекті.

Айта кетейік, Грекия заңы бойынша маусымдық өрт сөндірушілер тек көктем-күз кезеңіне жалданады. Олармен келісім тек алты айға жасалады.