Жапонияда нөсерге байланысты эвакуация басталды
Жапонияның батыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында толассыз жауын жауып, қауіптің жоғары деңгейі жарияланды. Кюсю, Сикоку аралдарындағы 1 миллион 200 мыңнан астам тұрғынды қауіпсіз жерге көшіру басталды.
Токио мен Фукуока қалалары арасындағы жүрдек пойыздардың қозғалысы тоқтады. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.