Израиль Бурейдж босқындар лагерін атқылады
Израиль әскері Газа секторының орталығындағы Бурейдж босқындар лагеріне шабуыл жасап, 5 адам қаза тапты.
Олардың арасында балалар да бар. Израиль БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қақтығысты шұғыл тоқтату туралы талабына қарамастан аймақты соққылауын жалғастырып жатыр. Өткен жылдың қазан айынан бері Газа секторында 43 300 палестиналық қаза тауып, тағы 100 мыңнан астам кісі жарақат алған.