Израиль әскері ХАМАС жетекшісін жойғаны туралы бейнематериал жариялады

Израиль әскері ХАМАС ұйымының жоғары лауазымды шенеунігі Изз ад-Дин Кассабтың қалай көзі жойылғаны туралы бейнематериалды жариялады, деп хабарлайды 24kz.

Кадрда Газаның оңтүстігіндегі Хан-Юнис қаласында Кассаб мінген көлікке қарай жасалған әуе соққысы көрінеді. Израиль әскерінің хабарлауынша, Кассаб – Газадағы әскери іс-қимылдарды ұйымдастырушылардың бірі. Сондай-ақ ол өткен айда Израильге қарсы әуе шабуылдарына жауапты.

Айта кетейік, былтыр қазан айынан бері Израиль шабуылынан 43300 палестиналық қаза болды. Тағы 102 мың адам ауыр жарақат алған.