Камала Харрис мерзімінен бұрын дауыс берді
АҚШ президенттігіне Демократиялық партия атынан үміткер Камала Харрис мерзімінен бұрын пошта арқылы дауыс берді. Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлаған.
Саясаткер пошта қызметіне сенетінін, жолдаған хаты өзі тіркеуде тұрған Калифорния штатының сайлау учаскесіне жететінін мәлімдеді. Флорида штаты университетінің мәліметі бойынша осы сәтке дейін 75 млн-нан астам америкалық мерзімінен бұрын дауыс беріп үлгерген екен.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-тағы президент сайлауы ертең өтеді. Елді басқару үшін вице-президент Камала Харрис пен экс-президент Дональд Трамп таласады.