Atlasintel: Трамп негізгі штаттарда көш бастап тұр
Республикашылар партиясынан АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп сауалнама нәтижесі бойынша 7 штатта алда келеді. AtlasIntel зерттеу компаниясының дерегі осындай, деп хабарлайды 24kz.
Трамп әр штатта Харристен шамамен 1% озық тұр. Көрсеткіш әсіресе, Аризона мен Невадада жоғары. 7%-ке жуықтайды. Солтүстік Каролинада 3500, ал Джорджия, Мичиган, Пенсильвания және Висконсин штаттарында 2% шамасында. Сауалнама 1-2 қараша аралығында жүргізілді. Оған 8 мыңнан астам америкалық қатысқан. Ал Президентті сайлау ертең, 5 қарашада жүргізіледі.