Орынборда 500 мыңнан астам тұрғын тұмауға қарсы вакцина салдырды

АҚШ-та микоплазмалы өкпе қабыну дерті кеңінен таралып барады, деп хабарлайды 24kz.

Әсіресе, балалар қатты ауыра бастаған. Ал Грузияда бүгіннен бастап тұмауға қарсы вакциналау тегін жүргізіліп жатыр.

Көршілес Ресей тұмауға қарсы белсенді дайындық жасап жатыр. Орынбор облысында ЖРВИ-ге шалдығу деңгейі бір аптада 7,6%-ке төмендеді. Аймақта коронавирус жұқтыру көрсеткіші де азайып жатыр. Қазір онда вакцина салу науқаны қатты жүріп жатыр. Осы сәтке дейін екпе салдырғандар саны 500 мыңнан асты. Жалпы тұмауға қатысты ауру-сырқаудың 47%-і осы Орынборға тиесілі.

 

Грузияда тұмауға қарсы вакцианалау тегін жүргізіледі

Грузияда бүгіннен бастап тұмауға қарсы вакциналау тегін жүргізіледі. Бұрын ақылы болатын. Екпе Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған 4 компонентті препарат арқылы жасалады. Бұл вакцина тұмау маусымы кезіндегі штаммдарға қарсы бейімделген. Елде қазіргі сәтке дейін 37 мыңнан астам адам екпе салдырды.

 

АҚШ пен Еуропада құс тұмауы таралып жатыр

АҚШ-та қазір құс тұмауы қатты таралып жатыр. Вирус үй құсына ғана емес, сондай-ақ сиырларға да қауіп төндірді. Осы ауруды жұқтырған 400 сиыр анықталды. Содан кейін құс тұмауымен 36 адам ауырып қалды. Орегон штатында құс тұмауы доңыздан да табылды. Мұндай жағдай АҚШ-та алғаш рет тіркелген. Ал әлемдегі алғашқы науқас Мексика азаматы болған еді. 59 жастағы шаруа ауруханада біраз жатып, көз жұмды. Ал Еуропа елдерінде 62 мыңнан астам құс тұмауы тіркелген. Көбі Шығыс Еуропа тұрғындары.

 

АҚШ-та микоплазмалы өкпе қабыну дерті көбейді

АҚШ-та микоплазмалы өкпе қабыну дерті көбейді. Негізі ауру жазға қарай өрши бастаған. Әсіресе, пневмония балалар арасында қатты таралды. Белгілері тұмауға ұқсайды: температура көтеріліп, дене қалтырап, жөтел пайда болады. Дәрігерлер: «Тұмауға қарағанда микоплазмалы өкпе қабынуды алдын ала анықтау қиын», дейді. Бұл үшін рентген мен ПЦР-диагностика қажет.

Ернат Рахметолла