Боливияда шерушілер полициямен қақтығысты

Боливияда үкіметке қарсы наразылық акциясының соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты.

Соның салдарынан 91 полицей зардап шекті. Бұл туралы осы елдің Ішкі істер министрлігі хабарлады. Аталған ведомство өкілдерінің айтуынша, тәртіпті қалпына келтіру үшін 11 мыңнан аса полиция қызметкері жұмылдырылған. Айта кетейін, Боливия жұртының көшеге шығуына бұрынғы президент Эво Моралеске қарсы қылмыстық істің қозғалуы себеп болды. Осыған байланысты тұрғындар шеру ұйымдастырып, бұл істің тоқтатылуын және қазіргі мемлекет басшысы Луис Арсенің отставкаға кетуін талап етіп жатыр. Естеріңізде болса, Боливияның сыртқы істер министрлігі бұрынғы президент елдің берекесін қашырды деп айыптаған болатын.