Нетаньяху Израильдің қорғаныс министрін қызметінен босатты
Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху қорғаныс министрі Йоав Галантты қызметінен алып тастады.
Израиль Таймс газетінің мәліметі бойынша келіспеушілік Галанттың ХАМАС қозғалысына қарсы соғыс жүргізу әдісінен туындаған. Ол министрлер кабинетінің ұстанымына қайшы келетін шешім қабылдап, мәлімдеме жасаған. Нетаньяху Қорғаныс министрі қызметіне елдің Сыртқы істер министрі Исраель Кацты тағайындады. Йоав Галант 2022 жылдың соңында Израиль Қорғаныс министрі қызметіне келген. Өткен жылдың қазан айынан бері ХАМАС қозғалысына қарсы Израиль әскери қимылдарына жетекшілік етті.
Беньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:
- Соғыс қызған шақта премьер-министр мен қорғаныс министрі арасында өзара түсіністк пен толық сенім орнауы қажет. Өкінішке орай, кейінгі бірнеше айда сенімге селкеу түсті. Әскери операцияларды басқаруда Галант бірнеше рет қателік жіберді. Сондықтан оны қызметінен босаттым.