Израиль әлемдегі имиджін нығайтуға $145 млн бөледі

Израиль халықаралық аренадағы жағымды имиджін қалыптастыруға келер жылы бюджеттен 145 млн доллар бөледі.

Бұл туралы New York Times газеті хабарлайды. Басылымның мәліметі бойынша аталған қаражат шетелдегі ақпараттық науқандарға, шетелдік БАҚ-пен ынтымақтастыққа, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі іс-шараларға жұмсалады. Бағдарламаны еврей елінің Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады. Ал оған аталған ведомствоның жаңа басшысы Гидеон Саар жетекшілік етеді. Ол бұл қызметте Исраэль Кацты алмастырды. Ал Кац Израиль қорғаныс министрі болып тағайындалды.