«Рафаэль» дауылы Куба тұрғындарын әбігерге салып жатыр
Дауылдың күштілігі 3-санатқа жеткен, деп хабарлайды 24kz.
Долы жел ағаштарды опырып, электр бағандарын құлатты. Салдарынан бүкіл арал-мемлекет жарықсыз қалған. Кейінгі 1 ай мерзімде электр тоғы екінші рет сөніп қалды. Қазанда «Оскар» дауылы ойран салып, елдегі басты жылу электр станциясы істен шыққан еді. Бұл жолы да мектептер жабылып, қоғамдық көлік тоқтады. Билік Гавана мен Варадеро әуежайларындағы рейстерді кейінге шегерген. Синоптиктер аралдың батыс аймағында су тасқыны жүруі мүмкін деп ескертті. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.