Газада Израиль шабуылынан 1 күнде 50 адам қаза тапты
Газа секторында Израиль шабуылдарынан 1 күнде 50 адам қаза тапты.
Қаралы хабарды жергілікті медицина мекемелеріне сілтеме жасаған «Әл-Жазира» телеарнасы жеткізген. Газаның солтүстігінде 4 қабатты тұрғын үй бомбаланды. Ғимаратта елуге жуық босқын болған. Бұдан бөлек, Әл-Шати босқындар лагеріне соққы жасалды. Израиль бұл жерді «ХАМАС» басқару орталығы ретінде пайдаланды дейді. Газаның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, былтырғы қазаннан бері 43 жарым мың палестиналық ажал құшқан. Жараланғандар бұдан 2 есе көп.