Израиль парламенті жаңа Қорғаныс министрін бекітті
Израиль парламенті – Кнессет жаңа Қорғаныс министрін бекітті.
Бұл лауазымға осыған дейін Сыртқы істер министрі болған Исраэль Кац тағайындалды. Ал оның орнына Гидеон Саар барады деген ақпарат бар. Ynet басылымының хабарлауынша, Парламент бұрынғы Қорғаны министрі Йоав Галанттың қызметінен кеткені туралы шешім күшіне енген бетте өзгерістерді бастап кетті. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Галантты ХАМАС-қа қарсы соғыста осалдық танытты деп айыптаған.