Әлемде статистикалық мәліметтерді жинақтайтын басты халықаралық ұйымдар қандай?

Кез келген аймақтық, ұлттық және әлемдік деңгейдегі статистика саяси және бизнес шешім қабылдауда маңызды рөл атқарады.

Қазірде әлемде түрлі деректер жинап саралаумен айналысатын органдар мен ұйым дар көп, деп хабарлайды 24kz.

Мысалы бір Біріккен ұлттар ұйымында осындай 30-дан астам мекеме бар. Олар саяси, әскери, ғылыми, экономикалық, қаржы және әлеуметтік тақыраптар бойынша арнайы зерттеулер жүргізіп, рейтингтер ұсынады.

Біріккен ұлттар ұйымы – әлемдегі ең ірі, халықаралық деңгейде ұсынылған және ең қуатты үкіметаралық ұйым. Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға, халықтар арасындағы достық қатынастарды дамытуға, халықаралық ынтымақтастыққа қол жеткізуге және мемлекеттердің іс-әрекеттерін үйлестіру орталығы болуға бағытталған үкіметаралық ұйым. Ұйым экономикалық және әлеуметтік даму мен денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау мен апат зардаптарын жою, тиімді басқару мен адам құқықтарын насихаттау, гендерлік теңдік және әйелдердің ілгерілеуі сияқты көптеген мәселелер бойынша қызмет атқарып, осы салалар бойынша жыл сайын зертетулер жүргізеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы – 1946 жылы БҰҰ-ның жанынан құрылған халықаралық медициналық мекеме. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жарғысында бекітілген негізгі мақсаты – жер бетіндегі барлық халықтардың денсаулығын жақсартуға қол жеткізу. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 6 аймақтық ұйымнан тұрады: Еуропа, Африка, Жерорта теңізінің шығыс бөлігі, Оңтүстік-Шығыс Азия және Тынық мұхит жағалауының батыс бөлігі.

Халықаралық еңбек ұйымы үкіметті, кәсіпкерлер мен еңбекшілерді тең құқықтар негізінде біріктірген халықаралық ұйым. Ұйымның іргелі ұстанымы: еңбек тауар емес; сөз бостандығы мен бірігу бостандығы – тұрақты ілгерілеудің қажетті шарттары; кез келген жердегі қайыршылық – жалпы әл-ауқатқа төнген қатер туралы деректер ұсынады. Cондай-ақ еңбек пен тұрмыс жағдайын жақсартудың халықаралық саясаты мен бағдарламасын әзірлейді, Еңбек қатынастарының бірлесу еркіндігі, ұйымдасу құқығын қорғау, мәжбүрлі еңбекке тыйым салу, еңбекпен айналысудағы кемсітушілік, еңбекақыдағы тең құқылық, жалақы кепілдігі, келімсек еңбекшілердің құқықтары, әлеуметтік қамсыздандырудың ең төмен нормалары, еңбек инспекциясы, аналарды қорғау, ақы төленетін демалыс, жалданбалы қызметтер сияқты салаларда халықаралық стандарттарды белгілейтін конвенциялар мен ұсыныстар қабылдайды.

Авторы: Фариза Жанғанаева