АҚШ-тағы зерттеу орталығынан 43 маймыл қашып кетті
АҚШ-та медициналық зерттеу орталығынан 43 маймыл қашып кетті, деп хабарлайды 24kz.
Бұл мекеме Оңтүстік Каролина штатындағы Йемасси қаласында орналасқан. Төтенше оқиғаға тәжірибесіз қызметкер кінәлі. Ол орталықтың есігін дұрыс жаппапты. Полиция тұрғындарға: «Қорықпаңыздар, қашқын маймылдар жұқпалы ауруға шалдықпаған және басқа да зияндары жоқ», - деп басу айтты. Бірақ сонда да сақшылар есік-терезені жабуды, маймылдарға жақындамауды және тұрған жерін шұғыл хабарлауды ескерткен.