Израиль әскері Бейрутті тағы атқылады

Израиль әскері Ливан астанасы Бейрутті тағы атқылады.

Еврей армиясы түнде Хезболла қозғалысының штаб-пәтері мен қару-жарақ жасайтын цехты нысанаға алған. Сонымен қатар аталған ұйымға қарасты басқа да нысандар шабуылға ұшыраған. Израиль қорғаныс армиясының мәлімдемесіне сәйкес, соққылар бейбіт тұрғындарға тигізер әсері мейлінше аз болатындай етіп жасалған.