Валенсияда 100 мың адам жаппай шеруге шықты
Испанияның Валенсия аймағында 100 мыңнан астам адам шеруге шықты, деп хабарлайды 24kz.
Олардың су тасқынының салдарымен күрес бойынша биліктің әрекетіне көңілі толмай отыр. Ереуілшілер аймақ басшысы Карлос Мазонның қызметтен кетуін талап етті. Белсенділер үкімет табиғи апат туралы ескерту хабар жіберуде кешікті, сондай-ақ төтенше жағдай қызметкерлерін су тасқыны аймағына бірнеше күннен кейін ғана жіберді деп айыптайды. Кей жерде наразы топ полициямен қақтығысты. Шерушілер оларға тас лақтырып, сақшылар көзден жас ағызатын газ шашқан. Өткен айдың соңында Испанияның шығысы мен оңтүстігінде су тасқыны жүріп, 223 адам опат болған еді. Тағы 78 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен.