Нетаньяху Ливандағы пейджер жарылысына қатысы бар екенін мойындады

Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Ливандағы пейджер операциясына қатысқанын мойындады.

Бұл туралы «Израиль Таймс» газеті жазды. Басылым мәліметіне қарағанда, пейджерлерді жару операциясы және «Хезболла» қозғалысының жетекшісі Хасан Насралланың өлімі, Қорғаныс саласындағы жоғары лауазымды адамдар мен оларға саяси деңгейде жауапты адамдардың қарсылығына қарамастан жүргізілген. Естеріңізге сала кетейік, қыркүйекте Ливанның бірнеше ауданында байланыс құралдары, соның ішінде пейджерлер мен рациялар жарылған болатын.