Германияда электр қуаты қымбаттады
Қысқы жылыту маусымы жақындаған сайын еуропалық энергетикалық индустрияға қысым күшейді.
Табиғи газ бен электр энергиясының бағасы шарықтап барады. Сарапшылардың пайымдауы бойынша Еуропадағы электр энергиясы бағасының өсуі, негізінен, электр қуатының сұранысы мен ұсынысы арасындағы теңсіздікке байланысты. Сұраныс жоғары, ал ұсыныс жеткіліксіз.
Еуропада жел тұрмаған соң, электр қуаты қымбаттап кетті. Германияда кейінгі тәулікте баға 8 есе өсіп, электр энергиясының ең жоғары көтерме бағасы мегаватына 820 еуроға жетті. Бір апта бұрын 128 еуро болатын. Бұл бағалар 2022 жылғы энергетикалық дағдарыстың шарықтау шегінен де асып, рекордтық деңгейге жетті. Күн энергиясы жүйелері институтының мәліметтері бойынша, Германиядағы жел генерациясының үлесі орташа есеппен жыл сайын 32%-тен нөлге дейін төмендеп келеді. Жел диірмендері қуатының тек 7%-ғана жұмыс істеп тұр. Жел электр станцияларының тоқтауы газ генерациясымен өтелуі керек еді. Алайда Еуропада электр энергиясын өндірудің негізгі күші болғандықтан, табиғи газбен қамтамасыз ету жеткіліксіз, сонымен қатар электрмен жабдықтау да күшейтілген. Сондай-ақ экстремалды ауа райының әсерінен су және жел энергиясы сияқты жаңартылатын энергия көздерін көбейту мүмкін емес, бұл электрмен жабдықтаудың айтарлықтай тапшылығына әкеледі.
Эквадор электр қуатын өшіруді тәулігіне 14 сағатқа дейін ұзартты
Эквадор провинцияларының жартысында электр қуатын өшіру тәулігіне 8-ден 14 сағатқа дейін ұзартылды. Бұл туралы ел президенті Даниэль Нобоа мәлімдеді. Жергілікті билік мұндай шараларды кейінгі 60 жылдағы ең ауыр құрғақшылыққа байланысты қолға алған. Өзендердің таяз болғаны соншалық, су электр станциялары толық қуатта жұмыс істей алмайды. 19 провинцияда су қоймалары деңгейінің төмендеуіне байланысты қауіптің жоғары деңгейі жарияланды. Өйткені, су көздері Эквадорды 70% энергиямен қамтамасыз етеді.
Илон Маск: 2025 жылы ЖИ саласында электр энергиясы тапшы болады
Қарыштап дамып жатқан жасанды интеллект саласы келер жылы, электр энергиясының тапшылығына тап болуы мүмкін. Илон Маск осылай деп дабыл қақты. Кәсіпкердің бір сұхбатында 2025 жылы көптеген дамыған елдің шамдары жыпылақтай бастайды дегені бар. Бұлай деуге негіз бар. Өйткені, бір жыл бұрын, аталған салада трансформатор тапшылығынан нейрондық желі чиптері жетіспеді. Электр қуатын қажет ететін электромобильдер мен жасанды интеллекттің бір мезгілде дамуынан, екі салада да кернеу трансформаторлары қажет болады. Сәйкесінше, электр жабдықтары мен электр энергиясын өндіруге сұраныс артады.
Авторы: Фариза Жанғанаева