БҰҰ: Алдағы жарты жылда 22 елге аштық қаупі төніп тұр

Алдағы жарты жылда әлемнің 22 еліне аштық қаупі төніп тұр. 

Бұл мемлекеттердің арасында Палестина, Судан, Гаити және Мали бар. Мұндай мәліметті Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері өз есебінде келтірді. "Азық-түлік тапшылығына әскери қақтығыстар, экономикалық дағдарыстар мен гендерлік теңсіздік себеп", - дейді сарапшылар. Бұдан бөлек, босқындар легі мен "Ла-Нинья" құбылысы сияқты табиғи апаттар да жағдайды қиындатып отыр. Сомали, Кения мен Эфиопияда құрғақшылық ушығуы мүмкін.