Израиль әскері «Хезболла» қозғалысының тағы 3 офицерінің көзін жойды
Қорғаныс армиясы өкілдері хабарлауынша, мерт болғандардың бірі – Мұхамад Мұса Салах. Ол кезінде Израиль аумағына 2,5 мыңнан аса зымыран ұшыру операциясына жауапты болған. Қалған екеуі дала командирі екені айтылады.
Жалпы еврей армиясы келтірген мәлімет бойынша бүгінде Дахие қаласында орналасқан «Хезболла» нысандарының басым бөлігі жойылған. Олардың арасында командалық пункттер мен қару-жарақ қоймалары бар.