БҰҰ: Газа секторында 660 мың бала сауатсыз қалуы мүмкін

Газа секторында 660 мың бала сауатсыз болып қалуы мүмкін.

Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Палестиналық босқындар ісі жөніндегі Таяу Шығыс агенттігінің басшысы Филипп Лаззарини мәлімдеді. Ол өткен айда осы мекеменің қызметіне тыйым салу туралы Израиль қабылдаған заң үлкен тосқауыл болатынын айтады. Аталған құжаттың күшіне енуіне әлі 3 ай бар. Бірақ гуманитарлық көмекті Газа аумағына қазірден жібермей жатыр. Палестиналық босқындар ісі жөніндегі Таяу Шығыс агенттігі 1949 жылдан бері Газа тұрғындарын тегін білім, медициналық қызмет және азық-түлікпен қамтамасыз етумен айналысып келген еді.