Сицилияда су дағдарысы орнады
Аймақтағы Ансипа су қоймасы деңгейінің төмендеп кеткені сонша, сарқылуға шақ қалған, деп хабарлайды 24kz.
Қазір тіршілік нәрінің небәрі 2,5 айға жететін қоры бар. Соның кесірінен су қоймасы 22 қаланың орнына 5-ақ шаһарды сумен қамтамасыз етіп отыр. Тіршілік көзінің аздығына байланысты тұрғын үйлерге су беру күніне 7 рет тоқтатылатын болған. Бұған наразы жұрт шеруге шыға бастады. Өз кезегінде билік өкілдері мәселені шұғыл түрде шешу үшін судың баламалы көздерін іздеуге көшкен. Бірінші кезекте жерасты суын пайдалану көзделіп отыр.
Айта кетейік, кейінгі бірнеше айда Сицилияда жауын-шашын мөлшері нормадан әлдеқайда аз түскен. Осыған байланысты Италия үкіметі төтенше жағдай режимін жариялады.