Испанияда құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

Испанияда нөсер жауын толастар емес. Дүлей дауыл тағы бар. Тасқын қаупі төнгендіктен, Кастельон провинциясында 14 құтқару операция жүргізіліп, 220 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Валенсия провинциясында да ахуал күрделі. Мектептер жабылып, барлық пойыз тоқтады. Осыдан тура 2 апта бұрын 220-дан астам адам опат болған еді. Із-түзсіз жоғалған ондаған тұрғын әлі табылмай жатыр. Ал елдің оңтүстігіндегі Малага аймағында қолайсыз күн райына байланысты қауіп-қатердің ең жоғары деңгейі жарияланды.