Әлемдегі ең қайырымды елдер
Еріктілер әлемдік қозғалысқа ықпал ететін ең белсенді топқа айналған.
Қазір олардың саны 5 миллиардқа жуықтайды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы бекіткен, еріктілердің дүниежүзілік декларациясында олар өздерінің таланты мен уақытын, бар энергиясын ешқандай ақы күтпестен жеке және ұжымдық шараларға жұмсауға құқылы екені айтылған. Жалпы қазірде еріктілерге қоғам тарапынан қандай қолдаулар жасалған.
Биыл Дүниежүзілік қайырымдылық индексте волонтерлік іс-шараларға қатысу, бейтаныс адамдарға көмектесу бойынша Индонезия жетінші рет үздік ел атанды. Елдегі жастардың 90 пайызы қайырымдылыққа қаржы бөліп, 60 пайызы ерікті ретінде қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқан. Жалпы бұл тізімденгі алғашқы бестікте, Индонезиядан кейін, Кения, Сингапур, Гамбия, Нигерия елдері бар. Байқасақ, рейтингтегі көшбасшылар көбіне аса бай елдер емес.
Дүниежүзілік қайырымдылық индексі бойынша үздік 5 ел
Индонезия 74/100
Кения 63/100
Сингапур 61/100
Гамбия 61/100
Нигерия 60/100
Дереккөз: Charities Aid Foundation
Қызметке орналасуда еріктілік маңызды рольге ие
Шетелде жұмысқа орналасуға келген жас маманның түйіндемесінде волонтерлік қызметтің болуы – үлкен жетістік. Сондықтан да университет немесе колледж студенттері ерікті болуға қуана келіседі. Мәселен, Германияда "әлеуметтік жыл" деген заң бар. Яғни, орта мектепті бітіргеннен кейін кез келген жеткіншек, бір жылдай әлеуметтік жұмыспен айналыса алады. Бұл кейіннен жұмысқа орналасу кезінде үлкен рөлге ие яғни жеңілдік қарастырылады. Статистика бойынша, халықтың 34 пайызы волонтер. Олар қайырымдылық бағыттағы бірлестіктер мен жобаларда ерікті түрде, 15 сағаттан жұмыс істей алады. Қазір елде, 70 мыңдай коммерциялық емес ұйым бар. Оған 2 миллиондай ерікті тіркелген.
БҰҰ: Жыл басынан бері гуманитарлық ұйымдардың 281 қызметкері қайтыс болды
Ерікті болу ерлікпен тең. Биыл әлемде қаза тапқан гуманитарлық ұйым өкілдерінің саны бойынша "антирекорд" орнады. Жыл басынан бері 281 қызметкер көз жұмған. Тиісті мәліметті БҰҰ келтіріп отыр. Қайғылы оқиғалардың көбі Газа Секторында тіркелді. Жалпы аймақта 2023-жылдың қазанында қарулы қақтығыс басталғалы гуманитарлық ұйымның 330-ден аса қызметкері ажал құшқан. Арасында халықаралық мекеме өкілдері де бар.