Оңтүстік Кореядағы отандас елдегі жағдайды айтып берді
Дегенмен кешегі жағдаймен салыстырғанда Оңтүстік Кореядағы ахуал қазір біршама тұрақталғанға ұқсайды. Бұл туралы сондағы отандасымыз Карина Дүйсенова айтты. Оның мәліметінше, әскери режим алынып тасталғалы елдегі толқулар бәсеңдеген.
Карина Дүйсенова, кәсіпкер:
- Қазір Кореядағы жағдай жақсы. Ол жағдай кеше түнде басталып, сол түнде біткен болатын. Шамамен 3-6 сағат арасында біткен жағдай. Кореядағы қазақтарға ешқандай зияны тиген жоқ. Кешегі митинг болған жерде әскерилер әлі де қызмет етіп жүр деп естідік. Ол жерде әлі тексеріс жүргізіліп, адамдардың көшеге шығуы қадағаланып отыр. Бірақ кеше бәрі біткеннен кейін қазір тыныш.