Жасанды интеллект музыканттарды табысынан айыруы мүмкін
2028 жылға қарай музыкамен айналысатын адамдардың табысы 25 пайызға азаюы мүмкін.
Бұл туралы Авторлар мен композиторлардың халықаралық конфедерациясында айтылды. Қазір жасанды интеллектінің көмегіне жүгіну әдетке айналып барады. Мәселен жасанды ақылды пайдаланып жүрген стримингтік платформалардың табысы төрт жылда шамамен 20 пайызға өсуі мүмкін. Ал музыкалық кітапханалардың кірісі 60 миллиард еуроға дейін жетеді деген болжам бар. Айта кеткен жөн кейінгі кезде шығармашылық салада жасанды интеллект өте қарқынды дамып жатыр. Сондықтан дәстүрлі авторлар мен композиторлар қаржылық шығындарға тап болуы мүмкін,-дейді мамандар.