Сириядағы көтерілісшілер Асад әскерін жеңгенін мәлімдеді

Сирияда үкіметке қарсы көтерілісшілер Асад әскерін жеңгенін мәлімдеді.

Осы хабардан кейін жергілікті тұрғындар Тель-Рифаат қаласына біртіндеп орала бастады. Бұлай деп Рейтер агенттігі жазады. Кеше оппозициялық күш үкімет әскеріне қарсы Хама қаласының солтүстігі мен шығысында соққы жасап, ол жерді толығымен басып алды. Бұған дейін олар Алеппо шаһарын өз иелегіне алған еді. Еске салайық, осыдан 4 жыл бұрын Асад әскері Ресей мен Иран қарулы күшінің көмегімен елдің көп бөлігін көтерілісшілерден қайтарып алған еді.

"Тель-Рифаат қаласы мен оның жан-жағын толығымен босатылды. Бірнеше танктер мен тікұшақтарды басып алдық. Асадтың бірнеше әскерін қолға түсіріп, тұтқындадық. Қазір жағдай қалыпты.  Біз бейбіт тұрғындар өз үйлеріне оралуы үшін аймақты миналардан тазартып жатырмыз".