Франциядағы әйгілі Нотр-Дам шіркеуі қайта ашылады

Францияда әйгілі Нотр-Дам шіркеуінің ресми түрде ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды 24kz.

Оған АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп, Ханзада Уильям сияқты 35 елдің көшбасшылары мен үкімет басшылары қатысады деп жоспарланған. Осыған орай Эмманюель Макрон халық алдында сөз сөйлеп, Францияның ең әйгілі ғимараттарының бірін құтқарған адамдардың ерлігін, ұйымшылдықты және қажырлы еңбекті бағалауға шақырды.

Еске салайық, осыдан 5 жыл бұрын шіркеу ғимараты өртеніп, оны қалпына келтіру үшін жабылған болатын.