Сирияда көтерілісшілер елдің астанасын бақылауға алды
Сириялық көтерілісшілер ел астанасы Дамаск қаласын бақылауға алды.
Бұл туралы бүлікшілер өздерінің әлеуметтік желілерінде жарялап, Дамаск қаласының жанындағы Саиидная түрмесінен тұтқындарды босатып жібергенін жазды. Бұл түрме азаматтық соғыс басталғалы Башар Асад режиміне қарсы шыққандарды қамайтын орын болған. Reuters ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, Башар Асадтың өзі Дамасктен қашып кеткен. Оның қазір қайда екені белгісіз. Сондай-ақ бүлікішілер Хамадан кейін ірі қалалардың бірі Хомсты да басып алды.