Илон Масктың байлығы 400 млрд доллардан асты
Илон Маск тағы да әлемдегі ең бай адам атанды. Блумбергтің миллиардерлер индексі бойынша кәсіпкердің байлығы 400 миллиард АҚШ долларға бағаланып отыр. Бұған АҚШ-тағы президенттік сайлаудың әсері бар.
Дональд Трамп жеңіске жеткеннен кейін миллиардердің капиталы бірден 77%-ке өскен. Өйткені кәсіпкер сайлау науқанын қаржыландырған болатын. Кейіннен Трамп Илон Масктың жаңадан құрылатын тиімділік министрлігін басқаратынын мәлімдеді. Миллиардер байлығының өсуіне SpaceX компаниясы акциялараның сатылымы да әсер етті. Tesla, SpaceX, Нейралинк және Икс Эй компанияларының кірісі 300 миллиард долларға жеткен. Ал Илон Масктен кейін әлем бойынша дәулетті адамдардың тізімінде екінші орында Amazon негізін қалаушы Джефф Безос тұр. Оның байлығы 216 миллиард доллар.