Үндістанда түтіннен зардап шеккен балалар көбейді

Үндістанда қыс келе күн суытқан соң ауа сапасының ластану деңгейі күрт өсті. Өткен айда көрсеткіш қалыпты нормадан 70 есе артқан. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі.

Салдарынан аймақта көк түтіннен зардап шеккендер көбейді. Әсіресе балалар арасында тыныс алу жолдарына шағымданушылар артқан. Осыған алаңдаулы біраз ата-ана шаһардан біржолата көшіп кетуге ниетті. Өйткені баланың денсаулығын түзетуге кететін шығынды көбінің қалтасы көтермейді. Жергілікті халықтың сөзіне қарағанда тәулігіне әр процедура үшін кемі 1 доллар жұмсалады.