Газа секторында 194 журналист қаза болды
Газа секторында қарулы қақтығыс басталғалы, яғни 2023 жылдың қазанынан бері 194 журналист қаза тапты. Бұл туралы ливандық «Әл Маядин» телеарнасы хабарлайды. Осылайша, Газа бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысы үшін ең қауіпті аймақ болып отыр.
Жалпы сарапшылар кейінгі жылдары әлемде тілшілерге төнген қауіп артып бара жатқанын айтады. Былтыр бүкіл әлемде 99 журналист қаза тапқан. Бұл алдындағы жылмен салыстырғанда, 44%-ке көп.