Түркия Сириядағы елшілігін қайтадан ашты

Араға 12 жыл салып Сириядағы Түркия елшілігі жұмысын қайта бастады.

Өкілдік азаматтық соғыс салдарынан 2012 жылы жабылған еді. Десе де, Сирияның Ыстамбұлдағы бас консулдығы қызметін жалғастыра берген. Қарулы қақтығысқа байланысты Түркиядан бөлек Еуропаның бірқатар мемлекеті, АҚШ пен Канада елшіліктері де Араб республикасындағы жұмысын тоқтатқан еді.