Еуропадағы екі ел өз жеріне оралғысы келетін сириялықтарға ақша төлейді
Австрия билігі отанына оралған сириялықтарға бонус ретінде бір мың евродан төлеуге дайын.
Бұл туралы канцлер Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Башар Асад билігі құлағаннан кейін Австрия тарапы Араб республикасынан келгендердің баспана туралы сауалардарын қабылдауды тоқтатты. Биыл ондай 12 мыңнан аса өтінім түскен. Десе де, канцлер елдегі ахуал тұрақты деп танылмайынша, адамдар күштеп депортацияланбайтынын бірден айтты. Қазір мұнда 100 мыңдай сириялық бар. Дания билігі де отанына оралған сириялық босқындарға 27 мың еуродан төлейтінін айтады. Әр балаға 6 жарым мың евро көлемінде төлем қарастырылған. Қазір Дания аумағында 45 мыңдай Сирия азаматы тұрып жатыр. Көбі жұмыс істемейді. Әлеуметтік көмекпен күн көруде. Сондықтан олардың отанына оралуы Корольдік үшін тиімді.