Ұлыбританияда 1,5 млн үйдің құрылысы кешігуі мүмкін
Ұлыбританияда құрылысшылар тапшы. Салдарынан бір жарым миллион үйдің құрылысы тежелуі мүмкін, деп хабарлайды 24kz.
Билік оларды алдағы 5 жыл ішінде салып бітіруге ниетті.
«Бұл жоспардың іске асуы екіталай», - дейді сарапшылар. Ұлыбритания Еуроодақ құрамынан шыққалы кадр тапшылығы ушығып барады. Өйткені одақтағы өзге мемлекеттерден келетін жұмысшылардың шекара асуы қиындаған. Оның үстіне мұнда Кәрі құрлықтың басқа елдеріндегідей халықтың қартаю мәселесі тағы бар. Алдағы 10-15 жылда құрылысшылардың 25%-і, яғни, жарты миллион адам зейнетке кетуі мүмкін. Құрылыс саласы Ұлыбританияның жалпы ішкі өнімінің 6%-ін қамтамасыз етеді.