Франция Сирияға 12 жылда алғаш рет дипмиссия жібереді
Франция Сирияға кейінгі 12 жылда алғаш рет дипломатиялық миссия жібереді, деп хабарлайды 24kz.
Делегация 4 адамнан тұрады. Бұл туралы еуропалық елдің Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро мәлімдеді. Дипломаттар араб мемлекетіне ертең жетпек. Мақсат – Сирияның жаңа билігімен байланыс орнату және жергілікті халықтың гуманитарлық бағыттағы мұң-мұқтажын білу, көмек көлемін есептеу. Сондай-ақ дипмиссия өтпелі кезеңнің қалай өтіп жатқанын қадағалайды. Франция қауіпсіздік үшін Дамаскідегі елшілігін жауып, Сириямен ара қатынасын 2012 жылы үзген болатын. Ол кезде билік пен оппозицияның текетіресі қарулы қақтығысқа ұласқан еді.