Израиль Газадағы БҰҰ мектебін бомбалады
Израиль әскері Газаның Хан-Юнис қаласындағы Біріккен ұлттар ұйымының мектебін бомбалады, деп хабарлайды 24kz.
Әуе шабуылынан 20 адам қаза тапқан. Құрбандар арасында балалар мен әйелдер бар. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады. Бұл оқу орны палестиналық босқын балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс істеп тұрған болатын. Сондай-ақ ғимаратта қақтығыс салдарынан туған үйін тастап, қауіпсіз жер іздеген жергілікті тұрғындар да орналасқан еді. Израиль әскері Джебалия босқындар лагеріндегі бірнеше үйді де зымыранмен атқылаған. Еврей билігі оларда ХАМАС мүшелері болды дегенді алға тартады.