Нью-Йорк соты Дональд Трампты айыптау үкімін күшінде қалдырды
Нью-Йорк соты Дональд Трамптың қаржылық есепті бұрмалау ісі бойынша айыптау үкімін күшінде қалдырды, деп хабарлайды 24kz.
Бұған дейін Трамптың адвокаттары бұл үкімді жоюды талап етіп, президенттік иммунитетке байланысты кейбір дәлелдерді алқабилерге ұсынуға болмайтынын алға тартқан болатын. Мамыр айында Трамп 2016 жылғы сайлау қарсаңында актриса Сторми Дэниэлске 130 мың доллар көлеміндегі төлемді жасыру үшін құжаттарды қолдан жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл қаржы Трамптың президент болып сайланғаннан кейін заңгерлік қызметке кеткен шығындар ретінде көрсетілген. Соттың шешімі бойынша заңбұзушылық сайлауға дейін жасалғандықтан, экс-президенттерге ішінара иммунитет қолданылмайды.