Бундестаг Олаф Шольц үкіметіне сенімсіздік білдірді

Қазіргі канцлерді тек 207 депутат қолдаған. Қарсы шыққандар саны – 394, деп хабарлайды 24kz.

116 халық қалаулысы қалыс қалды. Бұл мәселені канцлердің өзі коалициясы тараған соң парламент алдына қойған. Алауыздық 2025 жылға арналған бюджетті талқылау кезінде туындады. Қарашаның басында Шольц Қаржы министрін орнынан алып тастаған. Ол билеуші коалиция фракциясының мүшесі – Германияның Еркін демократиялық партиясының басшысы болатын. Осыдан кейін оның жақтастары мандаттарын тапсырып, ақыры Шольц Бундестагтағы көпшілік орыннан айырылды. Енді кезектен тыс парламент сайлауы 23 ақпанда өтеді.