Вануатуда жойқын жер сілкінісінен 21 адам қаза тапы

Тынық мұхитының оңтүстігіндегі орналасқан арал-мемлекет Вануатуда жойқын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды 24kz.

Жүздеген отбасы баспанасынан айырылған. Ал, Францияның Майотта аралында алапат дауылдан 21 адам қаза тапты.

Тынық мұхитының оңтүстігіндегі орналасқан арал-мемлекет Вануатуда қуаты 7,4 балл жер сілкінісі болды. Зілзала ошағы ел астанасы Порт-Вилладан 57 шақырым қашықтықта тіркелді. Аталған аймақта 330 мыңдай адам өмір сүреді. «Рейтер» агенттігі келтірген мәлімет бойынша жойқын жер сілкінісінен 1 адам қаза тапқан. Ондаған азамат зардап шегіп, жүздеген отбасы баспанасыз қалды. Жолдар бүлініп, көліктер қирап қалды. Табиғат апатынан кей аудандарда жарық жоқ. Қазір жергілікті құтқару қызметі зілзала салдарымен күрес жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 

Краснодар өлкесінің жағалауы мұнай қалдықтарына толды

Ресейдегі Краснодар өлкесінің жағалауы мұнай қалдықтарына толды. Мамандардың айтуынша, ол бірнеше шақырым аумаққа таралып кеткен.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда Керчь бұғазында 9 мың тонна мұнай артқан ресейлік екі танкер апатқа ұшыраған еді. Соның салдарынан 1 адам опат болды. 26 азамат эвакуацияланды. Әзірге аталған апатқа не себеп болғаны белгісіз. Жергілікті билік өкілдерінің есебі бойынша теңізге 3 мың тонна мазут төгілуі мүмкін. Қазір аймақта апатпен күрес жұмыстары жүріп жатыр. Оған 270 маман жұмылдырылған.

 

Майоттада табиғи апаттан қаза тапқандар саны 21-ге жетті

Францияның Майотта аралына соққан алапат дауылдан қаза тапқандар саны 21-ге жетті. Бұл туралы The New York Times хабарлады. Опат болғандар саны әлі артуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, Үнді мұхитындағы аралда мұндай табиғи апат кейінгі 90 жылда тіркелмеген. Соның салдарынан тұрғын үйлер мен медициналық мекемелер қирап қалды. Жуық арада аралға Франция президенті Эммануэль Макрон барып, жалпыұлттық аза тұту күнін жариялайды. Қазір апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Оған жүздеген маман тартылған.