Әлемдегі 281 млн адам – босқын
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше 40-қа жуық елдің он бірінде көші-қон рекордтық көрсеткішке жетті.
Мәселен, былтыр Ұлыбританияға 750 мың адам көшіп келген. Бұл корольдік үшін бұрын-соңды болмаған жағдай. Елге келген еңбек мигранттарының жартысынан астамы - денсаулық сақтау саласы мен әлеуметтік қызмет өкілдері. Жалпы Ұлыбританиядан бөлек АҚШ, Германия, Канада мен Польшаға да сырттан қоныс аударып келгендер өте көп. Есесіне ұйым құрамына кіретін Түркия, Эстония, Литва, Жаңа Зеландия мен Израильде көші-қон көрсеткіштері күрт төмендеген.
Халықаралық көші-қон ұйымының дерегіне сүйенсек, Мексикадан - АҚШ-қа, Сириядан-Түркияға, Үндістаннан - араб елдеріне, АҚШ-қа, Ауғанстаннан - Иранға, Бангладештен - Үндістанға, Қытайдан - АҚШ-қа ағылғандар қарасы көп.
Мексика - АҚШ – 10,9 млн.
Сирия - Түркия – 3,8 млн.
Үндістан - БАӘ – 3,5 млн.
Үндістан - АҚШ – 2,7 млн.
Ауғанстан - Иран – 2,7 млн.
Үндістан - Сауд Арабиясы – 2,5 млн.
Бангладеш - Үндістан – 2,5 млн.
Қытай - АҚШ – 2,2 млн.
Еуропалық одақ мигранттарға қатысты тәртіпті күшейтті.
Мигрант мәселесі Еуропалық одақты тығырыққа тіреді. Жол азабы мен қауіп-қатерге қарамастан, жүздеген мың адам Еуропаға қарай ағылуын тоқтатар емес. Былтыр Жерорта теңізі арқылы өтпек болған 100-ден астам заңсыз мигрант іс-түссіз жоғалып, 3 мыңнан астам адам көз жұмған. Еуроодақ бұл ретте қатаң шараларды қолға алды. Мәселен, биыл 200 мыңға жуық адамға Еуропадан кету туралы бұйрық шықты. Еуростаттың кейінгі мәліметіне сәйкес, мамыр мен тамыз айларында 25 285 адам елден шығарылған. Сондай-ақ, кейінгі 6 айда Франциядан 3 870, Германиядан - 3 710, Швециядан - 3 185 адам жер аударылды. Олардың басым бөлігі грузиндер (10%), албандар (8%) және түріктер (7%). Сондай-ақ, репатриация бойынша Францияға 30 мыңнан астам оралса, Германияға 10 мың, Грекияға 6 жарым мың адам оралды.
Франция – 3 870
Германия – 3 710
Швеция – 3 185
грузиндер – 10%
албандар – 8%
түріктер – 7%
Франция – 31 195
Германия – 12 885
Грекия – 6 555
Цитата:
- Елден шығару туралы бұйрықтар бірнеше факторға байланысты жасалды. Бұл мигранттарды түгел депортациялау дегенді білдірмейді. Әрқайсысының әлеуметтік жағдайы, денсаулығы ескеріледі. Сондай-ақ, адам саудасының құрбанына айналған кәмелет жасына толмағандарды жіті назарда ұстайтын боламыз.
Cерхио Каррера, Еуропа саяси зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері.